Өркениеттердің тоғысар шегінде, сауда жолдарының бойында орналасқан қазақ жерінің жасырған тылсымы мен құпиясы көп. Оларды зерттеу, ашу, әлемге таныту бүгінгі ұрпақ еншісінде.
Үстірт (франц. plat — жайпақ) — платформа өңірінен көрініс беретін, теңіз деңгейінен біршама көтеріңкі орналасқан, тегіс жазықтармен сипатталатын ауқымды алап; беткі деңгейі біршама биік Үстірттер (1000 м-ден биігірек) жайпақ таулар деп аталады.
Тарихы тереңде жатқан қазақ даласының түкпір-түкпіріне саяхат жасап, ішкі туризмді дамытуға өз үлестерін қосуды мақсат тұтқан "Nomad Explorer" жобасының "Үстірт құпиясы" атты экспедициясынан дайындалған фотокүнделіктер топтамасын ұсынамыз.
Мерет сайының солтүстігінде орналасқан Тамшалы – Маңғыстау мақтаныштарының бірі.
Ол осы маңдағы кеуек үңгірдің қабаттарынан тамшылап тұратын суымен танымал.
Сыздықтап тұратын су тек қыста күн қатты суығанда мұз боп қататыны болмаса, жылдың басқа мезгілінде осы қалпында ағып тұрады.
Жалғасын мына жерден көре аласыздар.