«Тағдырдан қашып құтыла алмайсың» деген сөз бар. Ал Сіз тағдырға сенесіз бе? Тағдыр жазса, солай бола ма екен?
Колумб Американы ашты, Попов радионы ойлап тапты, Нил Армстронг айға қадам басты ... бұл пешенеге жазылып қойған шығар. Ал қарапайым ғана қала тұрғыны Энн Ходжес үстіне метеорит түскен тұңғыш адам атанды.
1954 жылы 30 қарашада 34 жастағы Энн АҚШ-тың Алабама штатындағы Талладига округіндегі Силакогадағы үйінің қонақ бөлмесіндегі диванда ұйықтап жатады. Көзін ашса, ауруханада екенін біледі. Сол сәтте оның қандай күйде болғанын елестетудің өзі қорқынышты. Аппендицит, тас, инсульт? Қайсысы болды екен деп ойлайды.
Үстіне метеорит құлады деген ой кімнің басына келсін? Салмағы 3,86 келі метеорит сынығы оның үйінің шатырын жарып өтіп, ұйықтап жатқан әйелдің жамбасына тиген. Бақытына орай, Энн ауыр жарақат алмаған.
Метеорит қаланың құрметіне арнайы Сулаког метеоритің деп аталды және балама атау ретінде Ходжес термині тіркелді.
Метеориттің құлағанын қала тұрғындары да көрді. Бірақ олар нысанның ғарыштан түскенін кейін білді. Алдымен ережеге сәйкес нысанды Әскери-әуе күштері тексеріп, ресми қорытынды жасады. Дәл сол кезде ғарыштық «ойыншық» үшін күрес басталды. Метеорит сынығына Энн отбасы жалға алған үйдің қожайыны, көршілері, таныстары таласқан. Бірақ әйел күйеуімен бірге бірегей бұйымды сатып, түскен ақшаны бүлінген шатырды жөндеуге жұмсамақ болған.
Бірақ метеоритке меншік құқығын тіркегеннен кейін ерлі-зайыптылар арасына сызат түседі. Дау-дамай, сатып алушылар мен журналистердің назары салдарынан отбасы бұзылды. Ходжес 1972 жылы қайтыс болды.
Оғай дейін әйел метеоритті Алабама тарихи мұражайына берген екен.
Бір қызығы, сол күні сол маңда тұратын фермерлердің бірі тағы бір метеорит сынығын тапқан. Ол ғарыш объектісін сатып, жаңа көліктер мен үй сатып алған.