Стамбұл халықаралық әуежайында "Туркменховаеллары" түркімен әуекомпаниясының ұшағынан 1 тонна құйма алтын табылды. Аса бағалы жүк Ашхабадқа жол тартпақ болыпты.
Askam түрік газетіне сілтеме беру арқылы хабарлаған "Гундогар" ақпараттық агенттігінің жазуынша, жүк иесі Polimeks атты түрік компаниясы екен. Компания Түркменстанда құрылыс жобаларымен айналысады. Құжаттар бойынша ұшақта құрылыс материалдары болған-мыс. Түрік БАҚ-тары тіркелмеген алтынның салмағы 1,3 тонна болған дейді.
Ал дәл осы жәйттан кейін компания бұл жүктің заңды түрде тасымалданайын дегені туралы пресс-релиз жазыпты. Онда алтын салмағы түрік БАҚ-тарында жазылғандай емес екені айтылған. (Polimeks компаниясының айтуы бойынша 190 келі алтын). Компания бұл ісін ақша айырбас жасалмайтын елдерден құрылыс заттарын сатып алу үшін пайдаланылады деген себеппен ақтап отыр екен.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: lenta.ru