- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Ұшаққа үлгермей қалсаңыз......
Ұшаққа үлгермей қалсаңыз...
Авиакомпаниялар тіркелуге ерте келіңіз деп ескертеді. Алайда өмірде болатын түрлі күтпеген құбылыстар: жол тығыны, ұйықтап қалу және тағы басқа форс-мажорлық жағдайлар кешігуге әкеп соғады. Сондай-ақ, ұшақтың да кешігуі осы күні жиі қайталанатын құбылыс болып кетті.
Жалпы ұшаққа кешігу - ол ұшаққа тіркелуге кешіктің деген сөз. Немесе тіркелуге аз уақыт қалғанын көрсеңіз, ұзын кезектің артына барып тұра қалмаңыз. Кейбір әуежайларда кешігушілерге арналған арнайы бөлімшелері болады, сондайды сұрастырып біліңіз. Ал егер тіркелу бітіп қойып, кешігіп қалғаныңызға көзіңіз жетсе, онда бәрі де сіздің сатып алған билетіңізге байланысты.
Бизнес-класстан, не бірінші класстан сатып алған қымбат билет иелеріне алаңдайтын ештеңе жоқ. Кешігіп қалған жағдайда олар Аэрофлот агенттіктерінің кез келгенінде билетін басқа рейске ауыстыра алады, үстіне ешқандай қосымша ақша да төлемейді. Сонымен қатар, осы билетпен келесі рейспен де ұша алады (егер орын болса). Мұндай үстемділікке жартыжылдық билеттері бар (6 ай арасында жарамды билет) жолаушылар да ие. Ал егер қолыңызда тіркелу мерзімі нақты қойылған билет болса, басқа күні ұшу үшін үстіне қосымша ақша төлеу керек болады (қайда ұшатыныңызға байланысты). Бәрінен де ең арзан бағамен ("pex", "apex", "superpex" тарифтерімен) билет алып, кешіккендерге қиын болады. Мұндай жағдайда сіздің билетіңіз "күйіп" кетеді, басқа рейске қайта билет сатып алуға мәжбүр боласыз.
Сонымен қатар, кешігіп, билетті тікелей емес, турфирмалар арқылы алған жолаушылар да қиындыққа тап болады. Жолаушы сол турфирмаға барып, мәселені шешуі керек, ал бұған көп уақыт кететіні анық.
Басқаша айтқанда, егер қолыңызда "қымбат" билет болмаса, кешікпеуге тырысыңыз.
Сонымен қатар, ұшақтың да кешігетін кездері болады. Бұлар да адам өміріндегі құбылыстар сияқты түсінуге болатын және түсініксіз себептермен кешігіп жатады. Мысалы, күн райы ұшуға қолайлы болмаса, ештеңе істей алмайсыз, тек күту керек. Алайда форс-мажорлық жағдайлардан емес, авиакомпанияның кесірінен ұшақтың басқышы уақытында салынбай, ал бұған сіздің кінәңіз болмаса, компенсация сұрауыңызға негіз бар.
Қалай болғанда да, ұшақ 3 сағаттан ұзақ кешігіп жатса, жолаушыларға ыстық тамақ берілуге міндетті, ал 6 сағаттан аса кешігіп жатса - қонақ үйге жатқызулары керек.
Одан ұзақ кешігетін болса, болған оқиға жайлы мәлімет жинап, авиакомпания өкілеттілігіне арыз жазып, компенсация сұрасаңыз болады. Алайда көп ақша аламын деп ойламаңыз.
Ал, бірақ, ұшақтың кешігуінен жұмысқа байланысты келіссөздеріңіз болмай қалып, фирмаңыз көп ақшадан айрылып қалса, авиакомпания атына арыз жазып, сотқа жүгініп, компенсация алсаңыз болады. Бірақ, барлығы құжаттармен дәлелденуі тиіс.
Сурет: http://blog.kupibilet.ru
A. Mustafina