Бірнеше күн ішінде екі туристің Тайландта парашюттен секіру сәті түсірілген бейнероликті Youtube-тың 2 млн-нан астам пайдаланушысы тамашалаған, деп жазады ҚазАқпарат.
Видеода жұптың секіруге дайындалып жатқаны көрсетілген. Бірер сәттен кейін олар аспан биігінен құлдырап бара жатқанын тамашалауға болады. Бірақ осы сәтте камера олардың дәл астынан зу ете қалған моторлы ұшақты түсіріп қалғанын байқауға болады.
Ұшқыштың не себепті туристер секіргеннен соң кенет бұрылып, олардың өміріне қауіп төндіргені белгісіз.
сурет: youtube.com