Ұшақ астындағы жазғы демалыс

Ұшақ астындағы жазғы демалыс

Алақандай әдемі Махо жағалауы Кариб бассейніндегі Синт-Мартен аралында орналасқан.

Осы бір аядай жер құрлығы Франция мен Нидерланды елдерін бөліп тұрады. Және "қызғалдақтар еліне" қарасты шекара аумағында Юлиана ханшайымның аэродромы жайғасқан. Сол бір аэродром әлемдік әуежайлардың авиалайнеріне ең қолайсыз аумақ болып табылады. 

Ұшып-қону алаңы Махо жағалауының бастап бүкіл аралдың үстін қиып өтеді. Аяқталар тұсы суға келіп тіреледі. Сондықтан әр жолы алпауыт ұшақтар аралға қонар тұста жағалау үстінен сәл ғана биіктіктен жанай өтіп, бар жылдамдықты мейлінше тез түсіру арқылы қону жолына аман-есен түскілері келеді.

Қозғалтқыш күшінің арындап тұрған қарқыны жағалауда желек жамылып тұрған адамды оп-оңай ұшырып жібере алатындығына қарамастан, мұнда келушілердің саны күн санап өсуде. Керісінше, мұнда келушілер дәл осы бір қауіпті арал төрін өздеріне қолайлы көріп, әр жолғы өткен ұшаққа қол бұлғап қалғылары келеді. 

Алып құстың жағалау үстімен өтер тұсы көптеген адамдарға бұрын-соңды болмаған қуаныш пен тың серпін береді екен. Құрылымы күрделі, қарқыны жел төпелеген, анық күйге жетелейтін вибрациясы ерекше сезімге бөлейтін болып шықты. 

сурет:bigpicture.ru 

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига