Хоккайда аралының Томаму шипажайында орналасқан Ункай террасасы – тау шыңында тіпті бұлттан да биік орналасқан таңғажайып әдемі жер. Көптеген жылдар бойы осы бір аймақ өзінің феноменімен (Ункай жапон тілінен аударғанда «бұлттар теңізі» деген мағына береді) мыңдаған туристерді тамсандырып келеді.
Тамаша көріністің куәгері болу үшін туристер таңертең тауға шығып, Ункай террасасына жол тартып, бұлттар теңізінен биік жерге көтеріледі. Күннің шығуын бақылап, Хидака, Токати тауларының тұман басқан шыңдарын суретке түсіреді.
Аспалы арқанды жолмен жүру ләззаты арзандардың қатарынан болмаса да (шамамен 20 доллар), террасадан көрінген көрініс жұмсалған әрбір центке тұрарлық.
Терраса туристерге жаз мезгілінен қыркүйеккке дейін ашық. Бірақ осы бір қысқа мерзімнің өзінде бұлттарды аталған уақыттың тек 40 пайызында ғана көруге болады.
Тұманды күндері әдемі жерлердің бәрі қалың тұманмен қапталады. Дей тұрғанмен, тау бөктерінде біраз серуендеуге де болады.
Бірақ бұлттарды көру үшін де айтарлықтай жігерлік таныту қажет. Себебі, бұлттар теңізінің шынайы сұлулығын көре алу үшін тіпті күн ашық кездері де ерте тұруыңызға тура келеді.
Аспалы арқанды жолдар келушілерге таңғы 4:00-тен бастап 8:30-ға дейін қызмет етеді, сондықтан егер сіз бұлттарға биіктіктен қарауды жоспарласаңыз, оятқышты қосып қоюды естен шығармаңыз.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: bigpicture.ru