- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Үңгір мектеп ...
Үңгір мектеп
Қытайдың бұл үңгірінде көлеңкесінде отырып сабақ оқыған оқушылар болмаса, қонақтар болған емес. Dongzhong үңгірі (аудармасында «үңгір» дегенді білдіреді) Қытайдың Гуйчжоу провинциясындағы Мао кішкене ауылында орналасқан. 1984 жылдан бері үңгір бастауыш мектеп ретінде қолданылуда. Өкінішке орай, бұл ерекше болуға ұмтылыстан тумаған.
Гуйчжоу – Қытайдың кедей аудандарының бірі. Тұрмыс қажеттіліктерінің табылмауы білімді қолайлы жерде алуға кедергісін тигізуде. Сол себепті мемлекет басшыларының көмегін күтпестен, Мао ауылы мәселелерін өздері шешіп, үңгірді мектеп етіп жабдықтаған. Әзірге онда 200 оқушыдай білім алуда.
Онда ең керекті ағаш парталар, тақта, ойнауға арналған баскетбол алаңы бар. Мұндай жерде оқудың пайдасы да бар: үңгірдегі акустика хормен ән айтуға, ал кесірткелер мен жарқанаттар биология пәнінен тәжірибелер жасауға жақсы. Бұған қарамастан, Қытай басшылығы 2011 жылы мектепті жауып, «Қытай – үңгір адамдарының мекені емес» деп жариялады. Тұрғындардың қуанышына орай, ерекше мектеп көпшіліктің назарын аударып, көп кешікпей заманауи үлгідегі мектеп ашылады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: tr.trd.com
Қ. Бүйенбай