- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Үндістандағы ерекше емтихан...
Үндістандағы ерекше емтихан
Интернетте емтихан уақытында бастарына картон қорап киіп отырған колледж студенттерінің суреттері кең таралды.
Бұл суреттер Үндістанның Кантака штаты Хавери қаласындағы Бхагат атты дайындау колледжінің химиядан емтихан алып жатқан кезде түсірілген.
Колледж басшысы осы келеңсіз жағдай үшін округ үкіметінен кешірім сұраған. Оның айтуынша, басқа мектептер осы тәсілді қолданатынын естігеннен соң, іс жүзінде пайдаланып көрген. Бұл тәжірибеге студенттер өз еріктерімен қатысқандарын және картон қорапты өздері алып келген.
“Ешқандай мәжбүрлеу болған жоқ. Суреттерден көргендеріңіздей барлық студенттер картон қораптарды киіп отырған жоқ. Кейбіреулер 15 минуттан соң қорапты шешіп тастағды, біз де 1 сағаттан соң қорапты шешіп тастауды айтқанбыз ”, - дейді колледж басшысы.
Студенттер көшіріп жазуға мүмкіндік болмауы үшін бастарына картон қорап киіп отыр. ©bbc.com
Жергілікті басқару органдары суреттерді көргесін жедел түрде колледжге келген. Университке дейінгі білім комитетінің жергілікті директорының орынбасары С.Ч. Пирджаде бұл тәсілді "адамгершілікке жат қылық" деп атаған.
“Осы оқиғадан хабардар болғасын, жедел түрде оқу орталығына бардым. Басшылыққа мұндай тәсілге шек қою керек екендігін ескерттім. Сонымен бірге, колледж басшыларына ескерту жасадым, қазір жедел шараларды жүсеге асырып жатырмыз”, - дейді Пирджаде Times of India басылымына берген сұқбатында.
Колледж басшылығы бұл тәжірибе тоқтағанын және жергілікті үкімет бұйрықтарына сай жұмыс жасап жатқандарын мәлімдеген.
Т. Раушанұлы