- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Үндістандағы "Балаларды биіктен...
Үндістандағы "Балаларды биіктен лақтыру" мерекесі
Батыс Үндістанда сәбилерді биіктіктен лақтыратын ешбір елде кездеспейтін мерекелік салт сақталған. Бұл мереке бірнеше ғасырдан бері жалғасын тауып келеді.
Бір қарағанда «300 спартандық» фильміне ұқсайды. Кішкене сәбилерін биіктіктен аяусыз лақтырады. Ескі наным-сенім бойынша, бұл дәстүрдің арқасында балалары мен ата-аналары ұзақ жасап, бақытқа кенеледі.
Мерекелік салт жылына бір рет төрт күн бойы өтеді. Өтетін жері – Радж Хари Нат (Raja Vrata Hari Nath) шіркеуінің қақпасы.
2 жастағы балаларды 6-7 метр биіктіктен төмендегі көрпешеге лақтырады. Жерге түскен соң, бала қалың топтың қолынан өтіп, анасына тапсырылады.
Мұнымен қатар, бұл салт Мумбайға жақын орналасқан Шолапур ауылында орындалады. Салттың қорқыныштылығына қарамастан, төтенше жағдай орын алмаған.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай