Үндістанда теміржол бойында селфи жасағысы келген студенттерді пойыз басып кетті , - деп хабарлайды Tengrinews.kz Times of India агенттігіне сілтеме жасап.
Теміржол бойында үш студент қаза тапты. Олар жақындап келе жатқан пойызбен бірге өздерін суретке түсіргісі келген, бірақ олардың ісі қайғылы аяқталды. Оқиға 26 қаңтарда Уттар-Прадеш штатында таңда болды. Айта кетейік, кеше бұл елде Республика күні тойланып жатқан.
Төрт студент Дели қаласынан Агруға қарай жолға шығып, атақты Тәж-Махал кесенесіне барғысы келген. Достардың бірі пойыздың алдында тұрып селфи жасап, оны Интернетке жүктеуді ұсынады. Үш жігіт пойыздың жолына жақын тұрып, келе жатқан пойыздың алдында суретке түскісі келеді. Сөйтіп, олар пойыздың жақындағанын байқамай қалған. Тірі қалған студент полицейлерге өз достарын қырынан түсіріп тұрғандықтан, қауіп туралы ескертіп үлгермегенін айтып берді. Тәртіп сақшылары қаза тапқан студенттердің 20-22 жаста болғанын нақтылады - олар колледжде білім алып жүрген. Қазір болған оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.
сурет: ng.ru