Уттар-Прадеш деп аталатын үнді штатының белсенділері Раджи деген лақап атқа ие қартайған пілді құлдықтан босатты. Қожайының қатаң тәртібінен босатылып, кісенінен алынған Раджидің көзінен жас тамшылары түсті.
Раджидің қожайыны (оның аты келтірілмеген) пілді 50 жыл бойы бұғауда ұстап, ұрып соққан екен. Піл әр күні көшеде әрлі-берлі өтушілерге тағзым етуге мәжбүр болыпты. Сосын ол күнделікті асын қоқыс жәшігінен табатын болған екен.
Раджа есімі патша деген ұғымды берсе де, байғұс пілдің тағдыры оған қарама-қарсы келген екен. Оның қатаң өмірімен жануартанушылар қызыға түскен. Олардың пілді бостандыққа шығаруға нақ бір жыл уақыты кетіпті. Белсенділер аяғындағы кісенді шешкен кезде, оның аяғы қанталап кеткенін көреді. Пілге дереу медициналық көмек көрсетілді.
Кейіннен Раджаның қожайынында пілді меншіктейтін ешбір құжаттың жоқ болып шыққаны мәлім болды.
Пілдердің өмір сүру мерзімі орташа 60-70 жылды қамтиды. Олар 20 жасында ересек болып саналады. Егер ол «үй пілі» болатын болса, оның еңбек өтілі 16 жастан 40 жасқа дейін жалғасады. Дегенмен, бостандықта ғұмыр кешпейтін пілдер көп жас өмір сүрмейді. Бар болғаны, орташа 25 жылдың төңірегінде болады.
Табиғаттың тіршілік иелерін аялайық!
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.people-press.org