Құлағалы тұрған ұлы қамалдың да бір ерекшелігі еріксіз тартады. Кеше ғана лық толған зал толы қонақтың орнына шаң мен өрмекші торы басып, құрт-құмырсқаның илеуіне айналған, әзер тұрған сәулет өнері аты аңыз болып қала бермек. Ендеше, ұмыт қалған ұлы қамалдарға саяхат.
Подгорецкий қамалы, Украина
Аталған қамал 1635 жылдар аралығында салынған. Бір кездері ішкі сәні, үйлесімі жағынан теңдессіз саналыпты. 1939 жылы қамал Сангушко князьдің иелігінде болып, кейіндеу үй иесі Бразилияға жер аударылып, үй ішіндегі ескі жиһаздардың бір бөлігін алып кеткен көрінеді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Кеңес үкіметі туберкулезбен ауыратын жандарға арнап емхана қылыпты. Сосын, 1956 жылы ескі қамал өртке оранған; үш апта бойғы өрттен қамалда түк қалмапты. Қазіргі уақыттар Львовская көркемөнер галереясы ғимаратты қалпына келтіру жұмысын жүргізуде.
Шато Миранда немесе Шато де Нуази, Сель, Бельгия
Қамал Liedekerke-Beaufort графтығы кезінде, 1866 жылы ағылшын сәулетшісінің қолымен тұрғызылған. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Белгияның теміржол компаниясы сатып алады. Шато де Нуази 1991 жылдан бері қараусыз қалып келе жатыр.
Халкион холл немесе Беннет колледжі, Милбрук, Нью-Йорк
1980 жылдары қымбат қонақүй болып соғылғанмен, артынша жабылып қалған. Бірнеше жылдан кейін қыздарға арналған Беннет колледжі болып ашылады. Бәріне қарамастан, 1978 жылы дағдарысқа ұшырап, жабылып қалған.
Мейсен қамалы, Леде, Бельгия
Бес жүз жылдық тарихы бар (1628 жылы салынған) ғимаратта темекі фабрикасы мен зауыт шоғырланыпты. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Бельгия ақсүйектерінің ықпалымен қыздарға арналған мектеп-интернаты болып ашылады. 1971 жылы аталған аймақта француз біліміне шектеу қойылып, артынша мектеп жабылып, қараусыз қала берген.
Саид Халим ханзаданың қамалы немесе Шампольон үйі, Каир, Египет
Осы бір сәулет өнері 1899 жылы Антонио Ласкиактың жобасы аясында тұрғызылады. Кейіндеу келе ер балаларға арналған (Аль-Нассир) мектеп болып қайта өңделіпті.
сурет: o9.com
Дайындаған: Фараби Арыстанбек