- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Тынық мұхитының солтүстігін...
Тынық мұхитының солтүстігін қоқыс басты
Әлемдегі қоқыстың шығу мөлшері мен оның қайта өңдеуге жіберілу мөлшерінің көлемі бір-біріне сәйкес келмейтіндіктен, экологиялық мәселелер күрделеніп келеді. Біз айқын дәлелдерді көрмегендіктен, оны негізге алмаймыз. Расында, бұл әлдеқашан басты мәселеге айналуы тиіс болған.
Тынық мұхитының үлкен қоқыс жинағы "Шығыс қоқыс континенті" (Eastearn Garbage Patch) немесе "Тынық мұхитының қоқыс қақпасы" (Pacific Trash Vortex) деп аталады.
Тынық мұхитының солтүстігіндегі ағыстар әртүрлі пластик қоқыстың бір ортаға жиналуына негіз болады. Аумақтың көлемі шамамен 700 мыңнан 15 миллион шаршы шақырымға дейін барады. Бұл Жердегі ең үлкен мұхиттың 8,1% бөлігін алып жатыр. Ал ресми сараптамалық есеп мұнда 100 миллион тоннадан артық қоқыс жиналып қалғанын көрсетеді.
Көбіне мынадай пластикалық қоқыс табылады
Айта кетсек, қоқыс континенті екі құрлықтың ортақ сауда айналымының қалыптасуынан пайда болды деген болжамдар бар. Ғалымдардың айтуынша, қоқыстың 80%-ы жер бетінен (Азияның шығыс жағалауы мен Солтүстік Американың батыс жағалауынан), ал 20 %-ы ашық мұхитта жүретін кемелерден шығады екен.
Көріп тұрғандарыңыздай, тасбақа кішкентай кезінде пластик жүзікке еніп алып, соның шектеуінде өскен
Көптеген ұсақ және өте ұсақ зат мұхиттың беткі қабатында қалқып жүреді. Ал мұхитта тіршілік ететін балықтар бұл заттарды планктонмен шатастырып алады да, тамақ ретінде тұтына береді. Нәтижесінде бұл үдеріс су тіршілігінің жойылуына алып келіп отыр.
Ұқсас жазбалар:
Қоқыс үшін міндетті түрде жауап бересіз
Табиғаттың қас жауы немесе бір аптада қанша қоқыс тастаймыз?
Ж. Өрісбай