- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Түйеқұстардың салмағы 175...
Түйеқұстардың салмағы 175 келіге дейін жететінін білесіз бе?
Түйеқұс – бойы – 2,5 метр, ал салмағы 105-тен 175 келіге дейін жететін алып құс. Әдетте бір еркек және бірнеше ұрғашысы бар кішігірім отбасы болып өмір сүреді. Бой ұзындығының арқасында дұшпанын алыстан байқап, бірден қаша жөнеледі. Көпшілік олардың бұл қасиетін басын құмға тығып жасырынады деп шатастырады. Шындығында бұл – жәй ғана аңыз.
Тұмсық пен табандарының көмегімен ін қазып, ішіне 12 немесе одан аз мөлшерде жұмыртқа салады. Еркегі мен ұрғашысы 45-52 күн бойы кезектесіп жұмыртқа басады. Жаңа туылған балапандарының салмағы – 1,2 келі. Ал 4 айдан салмағы кейін 18-19 келіге жетеді.
Түйеқұстардың мінезін түсіну қиын. Олар өте «қызуқанды», өзгелермен көп сыйыспайтын болып келеді. Осы қасиетін ескерген хайуанттар бағының жұмысшылары оларға жақындамауға кеңес береді.
Ашуланып тұрған түйеқұс қалыңдығы 1,5 сантиметр болатын көк шыбықты аяғымен итеріп, майыстыра алады. Бір басқан қадамы 4-5 метрге созылады, ал сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүгіреді. Дәл осындай жылдамдықпен кетіп бара жатқан түйеқұсты басына қара шұлық кигізу арқылы тоқтатуға болады.
Салыстырмалы түрде түйеқұстың миы тауықтыкінен әлдеқайда үлкен. Ал көздері миынан 2 есе үлкен. Оның жұмыртқасының үлкендігі соншалық, қайнату үшін 4 сағат керек болады.
Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай