Келимуту жанартауы (Kelimutu) Индонезияның Флорес аралында орналасқан. Оның биіктігі – 1639 метр. Ол бүкіл әлемге түсін өзгерте алатындығымен танымал. Бұл аймақ табиғи су қойнауына өте бай.
Мұндағы өзен түстерін белгілі бір мерзім сайын ауыстырып отырады. Осы уақытқа дейін ол түсін көгілдір, қызыл-қоңыр, жасыл және қара түске өзгерткен. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, дүниеден қайтқан адамдар осы мекенге келіп, жай табады екен.
Өзендердің астына минералды зат көп көлемде шоғырланғандықтан, олар геологиялық аномалияға ұшыраған. Минералдар суда еріп, химиялық реакцияға түседі. Нәтижесінде өзен өз түсін басқа түске өзгертеді. Жанартау өзенінің жеке атауы бар. Ол Tiwi Ata Mbupu («Ақсақалдар мен данышпандар өзені») деп аталады.
Ұқсас жазбалар:
Қандай мемлекеттерге саяхат жасадыңыз?
Әлемдегі ең биік қараусыз қалған ғимарат туралы алып-қашпа әңгіме көп