Түс неден басталғанын еске түсіре алмаймыз

Біз өмір сүріп жатқан осынау кең әлемде біз білмейтін құбылыстар, заттар, нәрселер көп. Оны түсіну үшін арнайы зерттеулер, тәжірибелер жасаймыз, сол жолда ұзақ ізденеміз, ілім жинаймыз. Порталымызда қызықты деректер топтамасы жиі жарық көріп жүр. Кезекті деректерге көз жүгірте отырыңыз! Таным көкжиегіңізді кеңейтіңіз!

Ұзындығы 7000 км болатын Амазонка өзенінде бір де бір көпір жоқ.

***

Мангалда пісіп жатқан кәуаптан шығатын иіс – В1 дәруменінің иісі.

***

Жердегі халықтың 10%-ы солақай.

***

Ыстық су суық суға қарағанда жылдам қатады.

***

Күннің негізгі түсі ақ. Біз атмосфера әсерінен оны сары түс көреміз.

***

Жүгірген кезде бүйіріңіз түйіп ауырмас үшін сол аяқ жерге тиген кезде дем шығарып отыру керек.

***

Жер бетіне күн сайын шамамен 27 тонна ғарыштық шаң түседі.

***

Мысықтар ешқашан бір біріне мияуламайды, бұл – арнайы адамға арналған дыбыс.

***

Сіз қанша тырыссаңыз да, түсіңіз неден басталғанын еске түсіре алмайсыз.

***

Тарақандар жер бетінде 250 млн жыл тіршілік етіп келеді және содан бері ешқандай эволюциялық өзгеріске ұшырамаған.

***

Монако – аумағы 2 шақырымды құрайтын кішкентай мемлекет. Оны 56 минутта-ақ жаяу аралап шығуға болады. 

***

Адам – көңіл-күй әсерінен жылайтын жалғыз тіршілік иесі.