- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Тұрмыстық техникадағы дақтан...
Тұрмыстық техникадағы дақтан құтылайық
Фото:
liveinternet.ru
Кейде үйіміздегі пештің, кір машинаның, тоңазытқыштың тұтқалары қатты ластанып қалады. Оны тазалау үшін көп уақытымызды жұмсаймыз. Ал егер мына әдісті қолдансақ, одан тез арада құтылуға болады. Ол үшін бізге:
- ескі тіс щеткасы немесе темір ысқыш;
- мақта таяқшасы;
- мүсәтірлі-анис тамшысы керек.
1. Мүсәтірлі-анис тамшысы дақты, қатып қалған майды кетіруге көмектеседі. Оны ысқышқа тамызып, лас болып қалған жерді сүртеміз. Сонымен қатар, жан-жағын да жақсылап ысқылауымыз керек.
2. Егер май қатты қатып қалған болса, бірнеше минут күте тұрып, тіс щеткасын қолданайық. Сонда тұрмыстық техникаларымыз жаңадан алғандай жылтырап тұрады.
3. Бір ескерте кететін жайт, қолымызға міндетті түрде қолғап киіп тазалайық. Әйтпесе терімізге зақым келуі мүмкін.
Ж. Исакаев