Нью-Мексико штатындағы түрменің жеке камерасында 59 жастағы Стивен Слевин 2 жыл уақытын өткізді. Оның жалғыз қалуының себебі: оның барын бәрі ұмытып кеткен! Ол 2005 жылы мас күйінде көлік жүргізгені үшін қамауға алынып, тергеу жұмыстарын жүргізілгенше 22 ай түрмеде отырған екен.
NBC News-тің ақпаратына сүйенер болсақ, Слевин ешқандай жуыну құралынсыз, толықтай дерлік антисанитралық ортада қылмыстық жүйенің барлық кереметін бастан кешкен. Слевин тырнақтарының ұзын болып кеткені соншалық, олар аяқтарының айналысында бұралып кеткен. Ал жуына алмаудың салдарынан дене қотыры пайда бола бастаған.
Сонымен бірге, тіс дәрігеріне баруға рұқсат етілмегендіктен, өзінің тісін өзі жұлуға мүжбүр болған. Дәрігер көмегімен байланысты сұранымдарын түрме күзетшілері мен әкімшілігі еш елемеген.
Бірақ, қамауда болған кезінде «тауып алған» ең ауыр сырқаты – өкпе обыры. Дәрігерлердің айтуынша, обыр салдарынан Слевин тек бір жыл ғана өмір сүре алады.
Қозғалған іске байланысты сот та болмаған – Слевин тіпті сотты бір рет те көрмеген. Бірақ, оны "оңаша" қалдыруының себебін 59 жастағы америкалықтың суицидтік дағдыларының болуында деп түсіндірген. Слевинге тағылған айыптардың бәрін алып тастап, оны бостандыққа шығарғаннан кейін, ол қарсы айып тақты.
Енді көрген қорлығы үшін америкалық азамат АҚШ тарихында қамауға алынған адамдардың ішіндегі ең көлемді өтемақы алады – 15,5 миллион доллар. Алайда, Слевиннің айуынша, мәселе ақшада емес, денсаулықта. Оның денсаулығын ешкім және еш нәрсе қайта қалпына келтіре алмайды. Оның басты мақсаты - қамаудағылардың адамға айтқысыз жағдайларына көпшіліктің назарын аударту болған.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: mirfactov.com