Түрлі-түсті өзендер

Түрлі-түсті өзендер

Бүгін біз ұсынатын өзендер тізімі сіздің өзен туралы ұғымыңызды түбегейлі өзгертіп жіберуі мүмкін. Саспаңыз, бұл ғажайыптарды Табиғат-ананың шексіз шеберлігі, бізге тартқан баға жетпес сыйы деп қабылдаған жөн.

1. Қытайдағы Цзючжайгоу алқабының өзені


Жергілікті тұрғындар мұны "Хайци" деп атайды. Біздің тілімізге аударғанда "Теңіз ұлы" деген мағынаны білдіреді. Өзен мұз дәуірінен бері келе жатыр. Суының мөлдірлігі соншалықты, келушілер су түбін оп-оңай көре алады. 

2. Кениядағы Накуру өзені


Теңіз балдырларының арқасында қоқиқаздар қарқ болып отыр. Бұл аймақта шамамен миллионнан астам құстар тіршілік етеді. Қоқиқаздар көп жүретіндіктен, өзен алыстан қарағанда алқызыл түсті болып көрінеді екен.

3. Канададағы Морейн атты мұзды өзен


Өзен деп осыны айтыңыз! Мұздың қатысумен су түсі көз тартарлықтай ғажап түске еніп жатыр. Өзен айналасында әртүрлі туристік бағыттар жүреді, арнайы жолдар салынған. Ең басты қауіп бұл жерде еркін жүретін аюлардан келеді.

4. Жаңа Зеландиядағы Пукаки өзені 


Пукакидің түсіне арнайы атау беруге болады. Мұз-көк деуге қалай қарайсыз? Түсті өзен бірнеше жыл бұрын еріген мұздың әсерінен түзілген болатын.

5. Индонезиядағы Келимуту өзендері


Бұл – Флорес аралының ең көрнекті орны. Жыл сайын миллиондаған турист пен зерттеушілер осы аймаққа келіп кетеді. Үш өзен де жанартаудың кратерінде орналасқан. Әрбірінің жеке түсі бар.

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева

Сурет: vk.com