Түркиядан 4000 жылдық тарихы бар адам миы табылды

Ғалымдар адамзат тарихындағы жасы ең үлкен миды тапты. «Сұрғылт түстегі ағаш тектес фигура осыдан 4000 жыл бұрынғы адамның миы» деп хабарлайды Foxnews.com сайты. Табиғи кен топырағының астында және үйлесімді температура мен ауа райының ортақ әсерінде бұл зат өзінің әуелгі күйін сақтап 4000 жыл жатқан.

Аталған байқау Түркияның Кутахия өлкесіндегі көне қабірден табылған. Тарихта бұл аймақ Қола дәуірі адамдары өмір сүрген аудан ретінде қарастылып келеді. Стамбул Haliç университетінде зерттеліп жатқан мидың иесі сол дәуірдегі зілзала салдарынан жердің терең қабатына көміліп қалған деген болжам айтылуда. Кейін бұл аймақта үлкен өрт болған, ыстық себебінен өлген адамның сүйегіндегі су құрамы буланып, оның сүйегі мен миын тау жыныстарымен біріктіріп жіберген де, оның ұзақ уақыт бұзылмай сақталуына мүмкіндік жасаған.

Қазіргі адам миымен салыстырма суреті

Ми арқылы жасалған Қола дәуір адамының жорамал суреті

Ғалымдар бұл мидың қазіргі адамзат үлкен миын зерттеу үрдісіне және бүгінгі таңда емі табылмай келе жатқан ми ауыруларының жұмбағын шешуге мүмкіндік береді деп жорамалдауда.

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: foxnews.com