Түркиядағы "Ұлы жандар" түрме-музейі

Бұл түрме - Түркия елінің тәуелсіздік алған жылдары ашылған алғашқы абақтысы. Бұл жерде қуғын-сүргінге ұшыраған қаншама танымал тұлғалар (әдебиет майталмандары, саясаткерлер, журналистер, әртістер) жазаларын өтеген. Біз де өз кезегімізде осынау тарихи орынмен жақынырақ танысу мақсатында жолға шыққан едік... 

"Ұлы жандар" түрме-музейі Түркия астанасы Анкара қаласында орын тепкен. 1923 жылы әскери қойма ретінде пайдалануға берілген бұл орталық 1925 жылдан бастап жаза үйі, яғни абақты ретінде қызмет көрсете бастады.

"Ұлы жандар" түрмесі кезінде "Cebeci Tevkifhanesi" атауынан бастап, "Cebeci Umumi Hapishanesi", "Ankara Hapishanesi", "Ankara Cebeci Sivil Cezaevi", "Ankara Merkez Kapalı Cezaevi" сынды бірнеше атауға ие болған. Түрлі себептерге байланысты өзгере келе "Ulucanlar Cezaevi" яғни, тура мағынада қазақшаласақ "Ұлы жандар" жаза үйі болып аталды.

Жаза үйінде Cüneyt ArcayürekMahmut AlınakFakir BaykаurtHatip DicleOrhan DoğanBülent EcevitYılmaz GüneyNazım HikmetYaşar KemalYavuz ÖbekciSelim SadakSırrı SakıkKemal TahirMetin TokerMuhsin YazıcıoğluLeyla Zana, т.б сол кездегі атақты ақын-жазушылар мен халық сөзін сөйлеген жанашыр тұлғалар өмірлерінің бір бөлігін өткізген.

Бұл жер 1925 жылдан кешегі 2006 жылға дейін жазалы адамдар отыратын қара қапас атанып келді. Абақтының 81 жылдық тарихында қаншама жазықсыз жандардың көз жасы бар. 

Түркияның саяси және әдеби өмірінде маңызды орын алатын, әдебиетшілердің қуғынға ұшырап, жазықсыздан-жазықсыз қамауға алынып, қиындыққа толы күндерін өткізген "Ұлы жандар" түрмесі 2011 жылдан бастап жаңа өмірге қадам басты. Енді бұл жер темір қапас емес, бүкіл Түркия үшін, жазықсыз жандарды еске алып отыратын музей атанды. 2006 жылы абақты ретінде қызметін тоқтатқаннан кейін, 2009 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2011 жылы ресми түрде "Ұлы жандар" жаза үйі деген атпен музей болып қайта ашылды.

Мына жерде жазалы адамдарды "тәубесіне шақырар" темір торлар топтастырылған. Яғни, тәртіпсіздік жасап, жаңсақ қадамдарға барған жазасын өтеушілер бұл жерге әкеліп қамалады. Бір сөзбен айтқанда, бұл орынды "түрменің ішіндегі түрме" десек те болатындай.

Жазалыларды ұрып-соғып, қинаған кезде жазылған дыбыс жазбалар әлі күнге сақталған. Темір тордың ар жағынан соққыға шыдамаған адамдардың ащы дауыстары естіліп тұрады. 

Мына жерде қазақ оқырмандары мен театр көрермендеріне жақсы таныс түрік жазушысы, ақын, қоғам қайраткері, драматург Назым Хикмет жатқан. 

Қабырғада "бостандығыңды жоғалтсаң да, намысыңды жоғалтпа" деген жазу бар.

Жазасын өтеушілер тұтынған ас үй жабдықтары, қол жуатын жер және әжетхана.

Жазасын өтушілердің ағайын-туыстарымен сөйлесу орны.

Монша.

Кинотеатр.

Музейде танымал тұлғалардың тұтынған заттары, киімдері, қолжазбалары қойылған. 

"Ұлы жандар" түрме-музейі туралы видео:

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/gS_cLXB4-Js","width":"450","height":"350"});

Толығырақ ақпаратты "Ұлы жандар" түрме-музейінің ағылшын және түрік тілінде қызмет көрсететін жеке сайтынан алуға болады. 

Арнайы Массагет үшін: Анкара қаласынан Шерхан Талапұлы

Суреттерді түсірген: Шерхан Талапұлы