Travel Leisure басылымы туристер таңдауы көп түсетін аралдардың рейтингін жариялады. Бұл тізімде Индонезия аралдары көш бастап тұр. Жазғы демалысты жақсы өткізу үшін, ең ерекше демалыс үшін, бәрін ұмытып тынығу үшін әлемде туристерді құшақ жая қарсы алатын мекендер аз емес. Туристер тынығудың түрлі жолдарын таңдап жатады. Соның бірі - су жағасы, болмаса аралдар. Туристер таңдауындағы ең үздік арал - Ява екен. Индонезияның бұл аумағына келгендер үшін тамашалайтын дүниелер молынан. Әсіресе сарқырамалар, жанартаулар, көне заманнан қалған ғибадатханалар, қонақүй қызметі мен ақ құмды жағалаулар туристерді таңдандыра түссе керек. Сондықтан Travel Leisure сауалнамасына қатысқандардың көпшілігі осы аралды үздік деп таныған. Одан кейінгі орындарға да Индонезиядағы екі арал орналасқан. Олар - Бали мен Ломбок. Сондай-ақ туристері таңдауы жиі түсетін аралдар ондығына Мальдив, Уаихеке (Жаңа Зеландия), Палаван (Филиппин), Маврикий, Себу (Филиппин), Парос (Грекия) және Тасмания (Аустралия) енген.