Түр-түсін өзгертетін таңғажайып көл

Түр-түсін өзгертетін таңғажайып көл

АҚШ-тың Йеллоустоу штатындағы ұлттық паркте "Ертеңгі даңқтың мекені" атты сансыз бояудың қосындысынан тұратын таңғажайып көл бар.

Сансыз бояудың қосындысын көру үшін шеттен ағылып келіп жатқан туристерде есеп жоқ. Айта кететін болсақ, көлдің тереңдігі 2 200 метрді құрайды. Өз кезегінде тереңнен шыққан ыстық судың арқасында көлдің түсі өзгере түседі: көгілдір ақық түстен күлгін түске айналады. Мұншама түрленіп шығуы суда мекен ететін бактериялардың ерекше түрлеріне байланысты болып шықты. 

Ең қызығы сол, көлдің гейзер секілді бұлқан-талқан болатын, кейде бұрқ-сарқ етіп жататын кездері қайталанып тұратын көрінеді. Оған басты себеп - жақын аудандардағы сейсмикалық белсенділік.

Өз көзіңмен көріп қайтуға қалай қарайтын едің?

сурет:fashiontime.ru

Дайындаған: Фараби Арыстанбек

Л. Лига