- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Түнеуге болатын кітап...
Түнеуге болатын кітап дүкені
Әлемде бізге белгілі-белгісіз көптеген әйгілі кітап дүкендері бар. Біз әңгімелегелі отырған кітап дүкені тек қана кітап сатпайды. Париждік Shakespeare and Company кітап дүкенінде қалып, өмір сүруге болады. Әрине, тегін емес. Бірнеше сағат жұмыс істеп, өткен 50 жылдағы уақытша тұрушылардың өмірбаянының қасына өз өмірбаяныңыздың беттерін жазып қалдыру үшін.
Әйгілі жазушы Эрнест Хэмингуэй бұл дүкенді өзінің "Әрқашан сенімен мереке" атты автобиографиялық романында жазады. Ал, Уитман болса оны кітап дүкені болып көрінетін "әлеуметтік қиял" деп атаған екен. Көпшілігі жазда бір аптаға ғана тұрақтайды, бірақ келуші бір жігіт бұл жерде толық 7 жыл тұрыпты деседі. Дүкеннің түрлі түсті терезесінде Йейтстің қанатты сөздері жазылған, сыртында Нотр-Дам орналасқан.
Кітап дүкені деген аты болғанмен қонақүй десе де болатындай. Ішінде жатып кітап, газет оқуға ыңғайлы 13 кереует жайғастырылған. Сонымен қатар демалыс күндері дәстүрлі түрде белгілі қаламгерлермен кездесулер ұйымдастырылып тұрады.
Ж. Жұмағұлов