Тозығы жеткен кітаптардың екінші өмірі: Майк Стилкидің инсталляциялық суреті

Суретші Майк Стилкиге мұндай ой кездейсоқ пайда болған. Оны әбден тозығы жеткен, ескі кітаптардың бұрынғы өмірі қатты қызықтырады екен. Жұмысы да соған сәйкес. Ол түрлі шығарылымдардың сыртқы дизайнымен айналысады.

Майк – жұмысты тыңғылықты орындайтын, тәжірибеге толы сүретші. Ол бұл істі қолға алғалы сандаған кітап түптемесінің авторы атанған. Қазірде Майк қос қолынан өнер тамған сүретші. Майкке инсталляция жасау ойы кездейсоқ пайда болды дегеннен гөрі асқан шеберлігінің арқасында туды десек жөнірек болар.

Ол түрлі-түсті қылқалам көмегімен ескілікті дәріптейтін инсталляция топтамасын жасайды. Оның талғамы көбіне жануарлар әлеміне ауады. Оның айтуынша, Майк жануарлардан адамзатқа дарымаған жеке қасиеттерді жиі көреді екен. Суретші инсталляция кезінде кітапхана архивтерінде жатқан ескі кітаптарды құрал ретінде пайдаланады. Бір инсталляция жасау үшін оған орташа есеппен 5000 кітап түбі қажет.

 

 

 

Оқи отырыңыз: 

Құмға салынған 3D суреттер

40 жыл ұйықтамаған жауынгер

Әлем есіктерінің ерекше нұсқалары

Текемет Италияда брендке айналды

2014: Стрит-арт немесе жастар салған көше суреттері

 

Дайындаған: Нұрбол Нұрмаханұлы

Сурет: www.izuminki.com,www.kulturologia.ru