Тоскан - Италияның бай тарихы бар, ерекше көрініске ие ең әдемі, ең көрікті аймағы. Дүниежүзі халықтары оны Италияның алтын қазынасы деп атайды. 60 пайыз мәдени байлықтарға ие Тосканға бұл лайық айтылған.
Тоскан Данте мен Микеланджелоның заманында суретшілер мен ақындарды шабытқа бөлейтін таңғажайып жер болған. Лукка мен Флоренцияның базарлы аймақтары қайта өрлеу дәуірінің архитектурасы мен заманауи шулы энергиямен жабдықталған дүкендар мен дәмханаларға толы. Бірақ, бұл жердің басты байлығы есте мәңгілік қалар пейзаждар. Тоскан территориясының үштен бір бөлігін қарасаң көзің тоймайтын, түрлі-түсті түстерге бояла созылып жатқан төмпешіктер алып жатыр. Суретшінің бояулар құйылған тақтайшасынан айнымайды. Кең даладағы жасыл алқап алтын түсті күнбағыстармен өзара үндесіп, көк аспанның астында бейбітшілік орнатып тұр. Тоскан пейзаждары күн арайына малынған жүзімдерсіз, сарбаздардай тізілген зәйтүн ағашынсыз болмайды.
Тосканның атмосферасына келсек, нәзіктік пен жылылықты сезінесің. Мұндай жылу тәнді де, жүректі де жылытады. Ақындар айтқандай, «табиғат – нағыз шебердің өзі».
Турагенттіктерден Италияға арзан саяхаттар билетін оңай табуға болады.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: udivitelno.com