Тортқа жазылған жұмыстан шығу арызы

Тортқа жазылған жұмыстан шығу арызы

Станстед Крис Холмс креммен жазылған жолдауда өз шешімін түсіндіріпті. Интернет қолданушылары торттың суретін бірден Reddit форумына жариялаған және аталған жаңалық бір күн ішінде екі мыңнан астам пікір жинапты.

Холмс мұндай ілтипатты күтпегенін, дегенмен бұған риза болғанын айтады. Өз арызына жазған пікірінде ол креммен осындай көлемді мәтінді әлі жазып көрмегенін айтып өткен. 

Хат: «Бүгін мен 31 жасқа толдым. Жақында әке атандым. Өмірдің қаншалықты құнды екенін және өмір бойы өзіңді, жақындарыңды бақытты ететін іспен айналысып өту қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Сондықтан жанұяма және соңғы уақытта сәтті дамып келе жатқан кондитерлік бизнеске көбірек уақыт бөлу үшін мені жұмыстан шығаруыңызды сұраймын. Компания мен сол жердегі әріптестеріме бар жақсылықты тілеймін. Егер осы торт ұнаған жағдайда www.Mrcake.co.uk сайтынан тапсырыс берулеріңізге болады. Шын жүрекпен Крис Холмс».

Холмс алдағы уақытта тек торт пісірумен ғана айналыспақшы. Бұдан бұрын торт пісіру ісін өзінің негізгі жұмысымен қатар алып жүрген екен. Бірақ 2010 жылы Крис жеке сайтын ашып, тәттіге сол жерден тапсырыс беру мүмкіндігіне жеткен.

Мемлекеттік қызметке дейін Холмс торт пен тәтті тоқаштарды «Мишлен» атты беделді рейтинг екі жұлдыз берген кембридждік мейрамханада әзірлепті. Өзінің жеке сайтында Холмс мансабын 2002 жылы ыдыс жуушыдан бастағанын айтады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: arenda.com.ua, adme.ru

Ж. FM