Төрт сағат бойы тоқтаусыз айналып тұрған

15 жастағы қытайлық қыз Вэй Цайци Қытайдың жаңажылдық бір кешінде төрт сағат бойы тоқтаусыз айналып тұрыпты.

Аталған бағдарламаны Қытайдың орталық телеарналарының бірінен көрсеткен. Янг Липингтің туысы саналатын (бір кездегі Қытайдың әйгілі бишісі) қаршадай қыздың қойылымын бір заматта 704 миллионға жуық телекөрермен тамашалауға бет алған. 

Ақ көйлекке оранған Вэй арнайы сахнада айналып тұрып, өз ісі арқылы "уақыт толқыны мен мезгіл ағынын" бейнелі түрде көрсетуге тырысыпты. Ал мерекелік іс-шара жалғасып жатыпты, сол уақытта көпшілік телекөрермен қаршадай қыздың бұл қылығын "безбүйректік" деп танып, жеккөрініштерін білдірсе керек. Ал Вэй болса наразы болған телекөрермендерге осы бір іс-қылығының өз алдына рухани тәжірибе екенін айтып, жан мен тәннің тазаруына септігін тигізеді деп сендіріпті. 

Соған қарамастан, әлеуметтік желілерде бұл қыздың оғаш қылығына деген наразылық басыла қоймапты. Тіпті, бұл қыздың бұл қылығын аурудың нышаны деп тауып, өзіне безбүйректік танытты деп жатқандар бар. Вэйдің айналып тұруын биден гөрі, гимнастикалық нөмірге көбірек келіңкірейтінін төменнен көресіздер. Мұндағы басты мақсат - тепе-теңдікті сақтап, айналудан сана-сезімді жоғалтып алмау.

Сонда да, Вэй өз жасындағы жасөспірімдерге тән емес, әдеттен тыс нәрсе жасап отыр. Кішкентай қыздың мұншалықты күш-қайратқа ие екеніне көпшілік таңғалуда. 

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/u_1UCDxeLA4","width":"450","height":"338"});

Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: ru.gbtimes.com