Ғаламшарымыздағы адам саны – 7 739 297 000 (01.10.2019). Адамның 1 миллиардқа жетуі үшін 200 мыңға жуық уақыт қажет болды. Ал соңғы 200 жылдың ішінде Жер ғаламшарының тұрғындары керемет қарқынмен көбейіп, бүгінде 7 миллиардтан асты. Назарларыңызға халқы ең көп Топ 20 елдерді ұсынамыз.
БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНПФА) миллиардтық көрсеткіш қай жылдары тіркелгенін нақты көрсеткен.
1 миллиард – 1804 жыл
2 миллиард – 1927 жыл (123 жылдан кейін)
3 миллиард – 1960 жыл (33 жылдан кейін)
4 миллиард – 1974 жыл (14 жылдан кейін)
5 миллиард – 1987 жыл (13 жылдан кейін)
6 миллиард – 1999 жыл, 12 қазан (12 жылдан кейін)
7 миллиард – 2011 жыл, 31 қазан (12 жылдан кейін)
Әр жыл сайын Жер халқының саны 90 миллионға көбеюде. Барлық адам санының 70%-і әлемнің ең тығыз 20 елінде өмір сүріп жатыр. Қазіргі уақытта халық саны миллиардтан асқан Жер ғаламшарында екі мемлекет бар. Бірі – Қытай, екіншісі – Үндістан. Қазір көш басында Қытай тұрғанымен, болжам бойынша 2023 жылы Үндістан Қытайды басып озады.