Әлемде біз білмейтін қызықтар көп. Жер шарын аралап саяхат жасаушылардың алдынан планетамыздың сырлы әлемі біртіндеп өз құпиясын аша бастайды. Әр қадам алға басқан сайын Табиғат-Ананың балалары оның құдіретіне бас иіп, оның қасиеттерін танып-білуге одан әрі құлшына түседі. Сондай саяхаттар кезінде жердің түкпір-түкпіріндегі елді-мекендердің табиғи ерекшеліктерінен бөлек, атауларының өзі адамды таң қалдырады.
Солардың ең атақтысы Эйяфьятлайокудль аталатын исланд жанартауы болса керек.Бұған қоса бірнеше атауының ұзындығы бойынша рекордтар кітабына енуге лайық мекендер де бар.
1. Ең ұзын топонимдер қатарын Тауматафакатангихангакоауауотаматеатурипукакапикимаунгахоронукупокаифенуакитанатаху аталатын жаңазеландиялық төбе бастап тұр. Қазақ тілінде 83 әріп, ал ағылшын тілінде — 85. Бұл Taumatawhakatangihangakoauauotamateaturipukakapikimaungahoronukupokaiwhenuakitanatahu сөзі Моари тайпасының тілінде « алапат тізелерімен төбеге өрмелеп тауды жұтқан және жыланжегіш ретінде аты шыққан Таматеа есімді ер жігіттің сүйгеніне арнап сыбызғыда ойнағантөбенің шыңы» деген мағына береді.
2. Атауының ұзындығы бойынша екінші орында тұрған Лланвайрпуллгвингиллгогерыхверндробуллллантисилйогогогох (Llanfairpwllgwyngyllgogerychwyrndrobwllllantysiliogogogoch, 58 әріп) аталатын Ұлыбританияда орналасқан төбе. Валлий тілінен аударғанда бұл атау «Қызыл үңгір маңындағы әулие Тисио шіркеуі мен өзеннің қарқынды иірімі қасындағы ақ сайда орналасқан әулие Мария шіркеуі » деген мағына береді. Бұл атауды жергілікті үкімент туристтер қатарын арттыру үшін ойлап тапқаны белгілі. Англси аралындағы ауылдың ресми атауы — Лланвайр-Пуллгвингилл.
3. Үшінші орныда АҚШ-та орналасқан Чаргоггагоггманчауггагоггчаубунагунгамаугг (Chargoggagoggmanchauggagoggchaubunagungamaugg) аталатын көлі. Бұл 45 әріптен тұратын атаудың мағынасы белгісіз. Бірақ, кейбір нұсқалар бойынша бұл сөз американдық үндістер тілінде «Сен өз жағалауыңда балық аулайсың, мен өз жағалауымда балық аулаймын, ал көлдің ортасында ешкім балық ауламайды» деген мағына береді. Оны көп жағдайда Вебстер көлі деп атайды.
4. Оңтүсік Африкада орналасқан Твебуффельсметенскоотморсдоодгэскиетфонтейн (Tweebuffelsmeteenskootmorsdoodgeskietfontein, 44 әріп) фермасы атауы да арнайы ойлап табылған. Кейбіреулердің айьуынша сол ферманың басшысы жергілікті тұрғындар тілін үйрену барасында осындай қызық атау ойлап тауыпты. Ферманың атауы «Екі буйволды бір оқпен мерт қылған көктемде» деген мағына береді.
5. Лапландияның Савукоски аймағындағы саз батпақ жер Этеритсипутеритсипуолилаутатсийянкя (ateritsiputeritsipuolilautatsijanka, 35 әріп) деп аталады. Бұл атаудың ешқандай мағынасы жоқ, жай ғана әріптер тізбегі.
Ал, сізге рекордтық атау ойнап табуға ұсыныс түссе, ол қандай сөз болар еді?