Тиым салынған аймақтар

Адамның бірнәрсеге деген қызығушылығын оятудың ең бір тиімді тәсілі - тиым салу екендігін кез келген сәби жақсы біледі. Неғұрлым қатал болған сайын, оған деген қызығушылықтың арта түсетіндігі ақиқат. Бір кездері өз елдерінде төмендегідей тиымдарды орнатқан билік басындағылар бұл туралы ойланбағандығына сенімдіміз.

Грекия: видеоойындар


2002 жылы Грекияда компьютерлік ойындардың барлығына тиым салынды. О баста мұндай шешім зиянды және зиянсыз ойындардың арасына шекара қою үшін қабылданған болатын. Заң әлі күнге дейін күшінде болғанымен, гректер оған қолын бір сілтеген секілді...

Куба: Ұялы телефондар


Фидель Кастроның дәурені шарықтап тұрған шақта Куба жеріндегі ұялы телефон қожайындарын саусақпен санап алуға болатын. Бұл құрылғының бағасының қымбат болуынан емес, заң бойынша мұндай еркіндік тек қана билік басындағылар мен шетелдік компаниялардың серіктестіктеріне ғана берілді. Фидель Кастроның өзі бұл әрекетті "ауадай қажетті құрбандық" деп атаған. Кейіннен 2008 жылы билікке Фидельдің інісі Рауль Кастро келді де, ұялы байланысқа тиым туралы заңнын күшін жойды.

Шарап заңдары


Сент-Луис аумағында көшеде отырып сыра ішуге болмайды, Чикагода сізді спиртті сусындар ішкеніңіз үшін қамауға алады. Топика қаласында(Канзас) шарапты шәй кеселеріне құйып беруге тиым салынса, Кливленда жерінде шараптың бөтелкесінен бір ғана адамға ұрттауға рұқсат беріледі. Канаданың Саскачевана ауданында шарапхана ішінде су ішуге тиым салынған екен.

Әскери киім кимеңіз!


Тринидад және Тобаго жерінде камуфляж кисеңіз заңмен қудаланады екенсіз. Жергілікті тұрғындардың әскери адамдарды шатастырып алмауы үшін осындай ереже бекітілген.  

Таңға дейін күтіңіз!


Швейцарияның көпқабатты үйлерінің бірінде тұру арманыңыз болса, бас тартыңыз. Өйткені, онда сағат оннан кейін унитазға су ағызуға тиым салынған. Егер, түн ортасында әжетханаға барғыңыз келсе, суды ағызу үшін таңға дейін күтуге тура келеді.

Сағызға жол жоқ!


Сингапурде сағыз үшін абақтыға жабыласыз. Сағыз шайнауға деген тиым туралы ереже 1992 жылы қабылданды. Десе де, никотинді сағызға рұқсат берілген. Ол үшін дәріхана есігін қағуыңыз қажет.

Сіз басқа да тиым салынған аймақтар туралы не білесіз?

Суреттер:byaki.net

Дайындаған: Айгерім Сматуллаева