ХХ ғасырдың ірі апаттарының бірі – «Титаник» кемесінің суға батуы. Ол әлемдегі ең ірі жолаушылар тасымалдайтын кемелердің бірі болған. Кеме 1912 жылы 14 сәуір күні өзінің алғашқы сапарын жасайды. Сол күні Атлант мұхитында мұзтауға соқтығысып, 2 сағат 40 минутта батып кетеді. Бортта 1316 жолаушы мен 892 экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 2208 адам болған. 1496 адам қаза тауып, аман қалған 712 адамды көмекке келген «Карпатия» кемесі құтқарған. Назарларыңызға «Титаник» кемесінің сирек кездесетін суреттер топтамасын ұсынамыз.