Термиттер қытайлық әйелдің 65 мың долларын жеп қойды

Термиттер қытайлық әйелдің 65 мың долларын жеп қойды

Жәндіктердің адам үшін пайдалы да, зиянды тұсы да бар екені анық. Мыңдаған тонна астық алқаптарын санаулы сағаттың ішінде тып-типыл ететін шегірткенің ауыл шаруашылық саласына тигізетін зияны миллиондаған доллар шығынға әкеліп жатады.   

Ал термиттердің тигізер залалы тек үй немесе жерде ғана емес, ендігі жерде олар ақшаға да бас сала бастапты. Мысалы, жақында ғана қытайлық бір тұрғынның жинаған 65 мың доллар көлеміндегі ақшасын термиттер жеп кеткен.     

Қытайлық әйел бар ақшасын қытай юаньы түрінде (долларға шаққанда 65 мың болады) жинап келген. Қолма-қол ақшаның барлығын ол өзі анда-санда ғана түсіп отырған қараңғы жертөледе сақтаған екен. Ал кейін әйелдің үйі орналасқан аудан ағаш және қағаз өнімдерін талқандайтын термиттердің ошағы екендігі анықталады.

Көріп отырғандарыңыздай, олар ақшадан да бас тартпаған. Жертөлеге енген жәндіктер купюраларды асықпай кертіп, оның қалдықтарын өз илеулеріне тасып үлгерген.

Сөйтіп, күндердің бір күнінде әлгі әйел қоймадағы ақшасы сақталған жәшікке үңіліп қарағанда, мынадай көрініске тап болады:

1

Алайда әйелдің бақытына орай, банк термиттерден зардап шеккен әйелдің біраз ақшасын жаңа купюраларға ауыстырып берді. Ақырында, ол 54 мың АҚШ долларын қайтарып ала алған, ал қалған ақшасы ауыстыруға жарамсыз болғандықтан, 11 мың доллар сол күйі күйіп кеткен.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: baidu.com

Б. Қосмағамбет