Теңіз саяхаты – бұл естен кетпес, ештеңеге тең келмес саяхат. Теңіз саяхатын жалғыз да, немесе екінші жартыңызды алып, романтикалық саяхат жасауға болады. Лайнердегі демалысты келіссөздер жасау үшін немесе оқу, тренингтер және т.б. өткізумен байланыстыратын да жағдайлар аз емес.
Теңіз саяхатының бір ерекшелігі, бір лайнермен бірнеше елде болу мүмкіндігі бар. Бұл жер бетінде жүргенде әдеттегідей бір ұшақтан түсіп, поезға мініп, автобустарды ауыстырмай-ақ саяхаттауға мүмкіндік береді. Саяхаттаушы лайнер көбіне түнде жүреді, түс уақытында жолаушылар теңіз жағасына шығып, жаңа қалада қыдыра алады. Бірақ лайнердің өзінде де іш пыспайды – өйткені әрқайсында көңіл көтеретін орталықтар мен бесжұлдызды қонақүйлер орналасқан. Лайнер жолаушыларының құзырына мейрамхана, түнгі клубтар, казино, спа-салондар, кинотеатрлар мен түрлі дүкендер беріледі. Лайнерде қызмет көрсету деңгейі жай қонақүйлерге қарағанда жоғары және ойын-сауық орталықтары да мол. Әлбетте, қалтаңызда ақшаңыз болса ішінде түрлі көңіл-көтеретін орталықтары бар лайнерді таңдап, саяхаттауыңызға болады.
Саяхат лайнерлерінің каюталары әртүрлі болып келеді, бірақ әрқайсында теледидар, тоңазытқыш пен кондиционер бар. Балконы бар каюталар да болады, бұл табиғатты тамашалап, теңіз ауасымен толыққанды тыныстауға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде лайнерлер күрделі және берік навигациялық жүйелермен қамтылған. Бұл кез келген ауа райында еркін демалып, ештеңеге алаңдамауға кепілдік береді.
Және бір қызығы, лайнер саяхатқа шығарда оның бүйіріне шампанның бөтелкесін шағу ырымы бар екен. Бөтелке жарылмаса жаман ырымға балайды. Мысалы, былтыр ғана суға кеткен Италияның «Коста Конкордия» лайнеріне ұрылған бөтелке шағылмаған екен.
Суреттер: puteshestvie-about.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина