Лондондық Бэбикекс Ромеро (Babycakes Romero) - сурет өнерінде және сол елдің мәдени өмірінде ерекше жобалармен көзге түсіп жүрген талантты фотограф. Ол өз туындыларында қоғамдағы көкейтесті мәселелерді көтеруге тырысады. Біз оның бүгінгі адамдардың телефонға тәуелділігін назарға ала отырып жасаған жұмыстарын ұсынғалы отырмыз.
Біз бар уақытымызды смартфондарды қолдануға жұмсап, шынайы қарым-қатынас жасап, өзара пікірлесуден алыстап барамыз. Уақыт жылжыған сайын адамдардың телефонға тәуелділігі артып бара жатқаны соншалық, айналасындағыларға мән беруден қалған. Тіпті, біз достарымызбен жолыққан кездің өзінде қолымыздағы кішкентай ғана затқа телміріп, одан бас ала алмай отыратындығымыз жасырын емес. Оның да күндердің күнінде Қызыл кітапқа енетін күні алыс емес секілді.
Университетке бара жатқан құрбылар
Пойызда
Іскер адамдардың кешкі асы. Дәл бұлай үйде тамақтану мүмкін емес қой, иа?
Керемет кездесу...
- Қарайықшы, кім жазды екен?
Жүк тасушылар ауыр жұмыстан кейін демалуда
Романтикалық кездесу одан да қызықты бола түсті
Телефонның құдіреті соншалық кафеде отырған кезде жаныңда кім отырғанын да байқамайсың...
Ииннттееррннеетт!
Егер таныс емес болсаңыз, жақынырақ барудың қажеті жоқ. Жәй ғана интернетте отыра беріңіз...
Көптен күткен кездесу
Екі дос бағдаршамда тұрып, телефондарына телміруде
Сурет: bigpicture.ru