Грекиялық Порос аралының Андрес тауы баурайында Плака мен Алики жағалауына жақын жерде Лемондасос орманы орналасқан. Орманның ерекшелігі – онда тек қана лимон ағаштары өседі.
Мұнда одан бөлек табиғи бұлақ көздері мен өзен аңғарлары өте көп. Лимон ағашынан шыққан жұпар иіс жақын маңайда табан тіреген өңірлерді жұпар иіске бөлейді. Орман алқабын аралап қайтамын деушілерге арнайы жол да қарастырылған. Қызықтап келген келуші жергілікті мекеннің қонақжайлылығы мен көрікті жерімен танысады. Лемондасосқа жыл сайын жер-жерден мыңдаған турист келеді.