Тек қана картоп жейтін әйел

Тек қана картоп жейтін әйел

Бір әйел 13 000-нан астам картоп жеп үлгеріпті, мұның себебі әйелде басқа кез келген азық-түлікке деген фобияның бар болуында. 23 жастағы Клэр Джонс басқа қандай да бір тағам жайлы ойласа, қорқынышты шабуылдардан қиналады.

Осындай адам түсініксіз ауру салдарынан ол картоп, ірімшік капустадан жасалған салаттан басқа ешнәрсе жемейді-міс. Кейде нан, сұжық немесе гамбургер жеуге тырысқанымен, диетадағы азғантай өзгерістердің өзі оны өзін нашар сезінуге мәжбүрлейді.

Клэр өзіндегі ерекше де мардымсыз рационы болғанына өзінің балалық шағын кінәлайды. Ол бес жасында аяғын сындырып алғаннан бастап, тамақтанудан бас тарта бастаған екен. Ақауына байланысты ауруханаға жатқызылған кезінде, анасы оған бірнеше рет қабығымен пісірілген картоп әкеліп тұрыпты.

Әйелдің айтуынша, өзінің туған күндерінде ол ешқашан торт жеп көрмепті, бірақ, анасы сонда да дәстүр бойынша сатып алатын көрінеді. Клэр ешқашан отбасылық асқа қатыспайды. Әйелдің достары мен туыстары оны өзінің рационын  өзгерту керек екеніне көзін жеткізуге қанша тырысқанымен, Клэрді бәрібірде қабығымен пісірілген картоп жеуге тартады.

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: smonitoril.ru

Ж. FM