- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Тайландтағы құтқарушыларға арнап...
Тайландтағы құтқарушыларға арнап 10 мың адамдық салтанатты кеш ұйымдастырылды
Тайландта Тхам Луанг үңгірінен жас футболшылар мен олардың бапкерін құтқару операцияларына қатысқан адамдардың құрметіне арнап 10 мың адамдық кешкі ас ұйымдастырылды.
Салтанатты кешке құтқарушылар тобынан басқа, 3 апталық операцияға өз үлестерін қосқан барлық адам шақырылған. Олардың арасында тайландтық және шет елдік сүңгуіршілер, әскерилер, полиция қызметкерлері, дайверлер мен тағы басқалар болған. Кеш Банкоктың тарихи жері – Патша алаңында болып өтті. Бұл жерде үлкен дастархан жайылып, келген қонақтарға королдік асхананың тағамдары тарту етілген.
Құтқарылған балалар мен олардың бапкері құтқарушыларға алғысын білдірді. Кеш соңында қонақтар Тайланд халқын бірлікке шақыратын "Бірлік әнін" шырқады.
Естеріңізге сала кетейік, маусым айының соңында балалар футбол командасы бапкерімен бірге мемлекеттің шығысындағы Кхао-Луанг үңгірінде жоғалып кеткені туралы жазған едік. Іздестіру барысында белгілі болғандай саяхатшылар күшті жаңбыр жауып соның салдарынан шығар есіктер су астында қалғаны себепті үңгірден шыға алмағаны белгілі болған. Құтқарушылар балалар тірі екенін анықтағанмен олар тек 4 айдан соң, су тартылғасын барып үңгірден шыға алады деген еді. Үш аптаға созылған құтқару істері кезінде балалар аман-есен үңгірден шығарылды.
Т. Раушанұлы