Тасты балқытуға болады

Тасты балқытуға болады
Фото: boredpanda.com

Дана халқымыздың сөздік қорында "тас қайнатқан" деген тіркес бар. Бұл тіркесті ауыспалы мағынада пысық деген мәнде жүреді. Ал тура мағынасында түсінсек, тасты қайнатуға бола ма? Болады екен. Хосе Мануэль Кастро Лопес есімді испандық мүсінші кварц пен граниттен мүсінді балқытып жасайды. Оның туындыларын қарап отырып құдды бір ермексаздан жасаған ба деп ойлап қалуыңыз мүмкін.

Мүсінші тастарды балқыту технологиясының сырын әлі ашпады. Ол үшін тастың көлемі мен салмағына назар аудару керек дейді мүсінші. Ол тастарды өзгертуді алдын ала жоспарламайды, тек тасты көргенде ғана оны қалай өзгеруге болатынын ойластырады екен.

 

Г. Берік