- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Тасмания жағалауынан алып...
Тасмания жағалауынан алып медуза табылды
Аустралия елінің қарамағындағы Тасмания жағалауына мұхит ағысы алып медузаны шығарып тастады. Оны жағажайда тұратын отбасы мүшелері көріп, ғалымдарға хабар берген. Медузаның диаметрі 1,5 метрді құрайды. Алдын-ала белгілі болғандай, ол өзі тектес жәндіктердің жаңа түріне жатады екен. CSIRO ұйымының өкілі Лиза Гершвиннің сөзінше, осындай медузалар осыған дейін де кездескен. Алайда олардың ешқайсысы да бұндай өлшемге ие болмаған көрінеді. Одан бөлек, олардың барлығы да теңіз жағалауына өздігінен шықпаған, зерттеушілерді оларды тек теңіз түбінен көрген екен.
нен
Табылған медуза өзінің алып өлшемдерімен белгілі цинанея тобына жататыны анықталды.
«Ол өте үлкен, алайда біз ол туралы ешнәрсе білмейміз»,-дейді Лиза Гершвин. – Яғни бұл олжа адамдардың мұхитты әлі де болса тыңғылықты зерттемегендігін көрсетеді».
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: mirfactov.com
Б. Қосмағамбет