Ташкентте 15 метрлік лаваш дайындалды

Өткен демалыс күндері өзбекстандық аспаздар ұзындығы 15 метр 20 см болатын елдің аспаздық тарихындағы ең үлкен лавашты дайындады.

«Тағамды дайындау үшін арнайы істікте 310 келі таңдаулы сиыр еті қуырылды. Сондай-ақ, бірнеше қап ұн, 5 келіден қияр мен қызанақ және 15 литр арнайы тұздық қажет болған. Бұл тағамға арналған етті 7 сағаттан астам қуырдық, ал лавашты 30 аспаз бірігіп аудардық», - дейді аспаздық шоуды ұйымдастырушылар.

Лаваш диаметрі әдеттегідей, 10 см сәл ғана асады. Келген қонақтарға 150 бөлік лаваш тегін таратылды.

Дереккөз: inform.kz