Жер бетіндегі жаратылыстың бәрі де бір-біріне бағынышты. Гүл суға, су тауға, тау тасқа... Ал мына ағаштар желге бағынышты екен.
Жаңа Зеландияның оңтүстік нүктесінде Slope Point деп аталатын жер бар. Мұнда үй де, адам да, көлік те жоқ. Алайда, арудың шашындай таралған ағаштар бар. Таңғажайып пейзаж құшағындағы өсімдіктер көрген көзді ынтықтырады. Көк шалғында асыр салып, жартастарға шығып теңізді тамашалауға болады.
Желдің әсерінен таралып өскен ағаштар – Slope Point аймағының негізгі нышаны саналады.
Дайындаған: Айгерім Сматуллаева
Сурет: vk.com