Таңғажайып төңкерілген үйлер

Таңғажайып төңкерілген үйлер

Адамдардың ойлау қабілеті, қиялы шексіз екенін барлығымыз да білеміз. Заман  өткен сайын таңғажайып заттар ойлап табылып, адам сенгісіз нәрселер жасалуда. Қарапайым, үйреншікті заттарды басқа қырынан байқап көру үрдісі кең етек алып келеді. Адамның ойын іске асыру қазіргі техника дамыған заманда қатты қиын да емес. Сондай бір ерекше туындылардың бірі – төңкерілген үйлер. Бұл туындылар туристерді қызықтырудың тамаша тәсілі. Мұндай мұражай атанған үйлер қазірде Қытай, Ресей, Германия және Австрия елдерінде бар. Бүгін сіздерге төңкерілген үйлердің тамаша көріністерін ұсынбақпыз.

Қытай еліндегі төңкерілген үй. Шанхай қаласы, Цзиньшань ауданы

Көруге келген туристердің таңданысында шек жоқ. Цзиньшань ауданы, Шанхай

Құрылыс жұмыстарының әлі толық бітпеген кезі. Цзиньшань ауданы, Шанхай

Мәскеу қаласындағы төңкерілген үй


Сәулетшілердің айтуынша, ғажайып үйді көруге келген туристердің бастары айналуы мүмкін.

 

Ал мына ғажайып үй Балтық теңізінің жағалауында орналасқан. Германия

Cәулетшілердің үй ішін сәндеп жатқан кезі.

Үй іші құрылыс жұмыстары.

Австрия еліндегі кішігірім Терфенс деген ауылда орналасқан сәулет өнері

Бұл үй - поляк сәулетшілерінің жұмысы.

Дайындаған: Нұржігіт Айдархан

Сурет: oxyxo.ru

Ұқсас жазбалар:

Төңкерілген үйлер

Жаңа заман жауһарлары

Музыка мекені

Н. Айдархан