Табиғаттың таңғажайып құбылыстары ғасырлар бойы адам баласын таңқалдырумен келеді. Өйткені, олар бізге беймәлім тылсым сырларға толы. Кейбірі көзге көрініп тұрса, кейбірінің сұлулығын көру үшін «Көктің көзімен» қарауың керек. Табиғат-ананың төл перзенттерінің бірі – аралдар. Аралдар жыл сайын өзгеріске ұшырап отырады, өкінішке орай, жер бетінен жойылып кетіп жатқандары да жоқ емес. «Қолда барды қадірлейік» дей келе, назарларыңызға әсемділігімен әлемге танылған «Таңғажайып аралдар топтамасын» ұсынамыз.
1. Дельфин аралы
Дельфин аралы – Коралл тұзы бар индонезиялық Флорес аралының жанындағы ірі аралдардың бірі. Дельфин бейнелі арал шынайылығымен бүгінгі тізімде көш бастап тұр.
2. Смайлик аралы
Елсіз Манукан, Мамутик, Сулуг аралдары Малайзия елінің құрамына енеді. Оңтүстік-Қытай теңізінің үстінен тікұшақпен шарлап шықсаңыз, әдемі күлкі бейнесін көре аласыз.
3. Бумеранг атолл
Оңтүстік-Қытай теңізінде иілген бумеранг пішінді атолл (теңіздегі сақина бітімдес маржан аралдары) бар. Ол 750-ден аса кораллды (теңіз маржаны) су бетіне шығып жатқан теңіз жартастары мен ағыс күшінің әсерінен жылдар өткен сайын өзгере беретін кішкене аралшықтардан тұрады. Ол Спрэтли аралының құрамына енеді.
4. Теңіз жылқысы аралы
MODIS құрылғысымен ғарыштан түсірілген бұл сурет Галапагос аралының 2002 жылы NASA спутнигінің бортында тіркелген. Үлкен «теңіз жылқысы» – Исабела – Галапагос аралының ең ірі әрі жас аралы. Бұл аралда алты жанартау бар және екі мың халық тұрады.
5. Көз бейнелі арал
Бұл Мальдив аралында орналасқан. Мына сурет тікұшақтан түсірілген. Ал осы аралды жақыннан көргендер көзден гөрі алып медузаға ұқсайтынын айтқан.
6. Скат аралы
Ғажайып «скат» Каттегат бұғазында Ютландияның шығыс жағалауынан бөлініп жатыр.
7. Өкпеге ұқсайтын арал
Бұл Флорида-Кис топаралының кораллды аралы. Бұны көру үшін анатомия пәнінен білім керек. Таңғажайып «өкпенің» дәл ортасынан бір бақытты жан салтанатты вилла салыпты. Мұндай жерде өмір сүру кімнің де болса арманы шығар.
8. Карнавал бетпердесі
Хувахенду Мальдив аралының үстінен осылай көрінеді. Мұнда тіпті Таяз суда орналасқан туристерге арналған үйшіктері бар. Алыстан Арал бағалы әшекейлермен әрленген карнавал маскасына ұқсайды. Су бетінен екі метр биіктікте жатқан кораллды аралдар Мальдивте өте көп. Әлем жылынуының әсерінен мұхит деңгейінің өсуі, ең бірінші, осы аралда мекендейтін 300 мың тұрғынды мазалауда.
9. Сәбіз бейнесіндегі арал
Мальдив аралынан халықаралық Мале әуежайынан ұшқан фотосуретші Буруддин бұл сабақсыз жасыл «сәбізді» түсіріп алыпты.
10. Бонсай ағашына ұқсайтын арал
Корнуалла ағылшын графтығының жағалауындағы Селли аралының көрінісіне қарасақ, кішкентай құмыра мен ағаштың ұшар басын және қысқа діңгек көруімізге болады. Бұл - Ұлыбританияның керемет жағажайы бар ең әдемі аралы болып саналады.
11. Медуза аралы
Бұл медуза өзінің құмды, тұзды қармауыштарын Тынық мұхитының ортасында жайып жүр.
12. Жүрек бейнесіндегі арал
Жүрекшелер тек ашықхаттар мен құттықтауларда ғана емес, табиғат төсінде де бар екен. Адриат теңізінің аралы жүрек формасының шынайы бейнесін жасап тұр. Бұл арал – Владо Джуресконың меншігінде.
Сурет: bigpicture.ru