Таңдайқақтырар жатжерлік көріністер

Біздің ғаламшарда жерге жаттау болып көрінетін, таңғажайып көрінісімен өзге бір әсерге бөлейтін жерлер көп.

Ескерту: ақын болып кетуіңіз ықтимал...

Сокотра аралы, Йемен

Үнді мұхитында орналасқан және Йемен мемлекетінің меншігіне кіреді. Адам баласы алты миллион жыл бойы аяқ баспаған жерде таңғалдырарлық пейзаждар мен аң-құс, жануарлардың көптеген түрі сақталған.

Мұндағы өсімдіктердің үштен бірі, жануарлардың тоқсан пайызын алатын жұмсақ денелі омыртқасыз сауытты жәндіктер де эндемикалық түр болып саналады, бұл дегеніңіз дәл мұндай өсімдіктер жердің басқа аймақтарында кездеспейді. Көп жылдар бойы өркениеттің қол ұшы тиіп көрмеген жерге тұңғыш барған адам мұны әлдебір фантастикалық фильмнің декорациясы екен деп ойлап қалуы да мүмкін. Шынында да, Айдаһар ағашы, Қияр ағашы, шөл раушаны сияқты өсімдіктер адамның бұдан кейін ештемеге де таңғалмайтынын дәлелдеп беретіндей.


Антарктиданың құрғақ даласы

Бұл жерді көбіне Марсқа ұқсатады. Себебі бұл жерге бірнеше миллион жыл бойы бір тамшы жаңбыр жаумапты. Жер бетіндегі ең құрғақ жер аталуы да сондықтан. Сонымен қатар, Антарктиданың мұз бен қары жоқ жалғыз жері осы болып саналады. Сондықтан да саусақпен санарлық қана жәндіктерден басқа мұнда тірі жан мекен етпейді.

Тағы бір қызық жәйт, NASA агенттігі өздерінің Марсқа қондыратын аппаратарын дәл осында сынақтан өткізеді екен. Ал 2004 жылдан бастап бұл жерді ЮНЕСКО мойындап, заң жүзінде қорғауға алған.

Ақтаңдақ көл, Канада

Көлдің су құрамында өте көп минерал болғандықтан судың белсенді айналым кезінде су бетінде түрлі-түсті дақтар пайда болады. Құрамына байланысты су бетіндегі дақтар сары, жасыл, көк түстерге ауысып тұрады екен.

Канадалық үндістер бұл көлдің ғажап екенін айтып, емдік қасиеті бар деп сенген. Қазіргі таңда көл жеке адам меншігіне сатылып кеткендіктен, оның қасына жолауға мүмкіндік жоқ, ал Клилук көлінің қандай әдемі екенін таяу маңдағы шосседен көруге мүмкіндік бар.

Рио Тинто өзені, Испания

Рио Тинто – бұл Андалусия тауында ағып жатқан өзен. Көне замандардан бері бұл өзен жағасында кен байыту істері жүргізіліп келе жатыр: алтын, мыс және т.б. металдар. Сондықтан да мұнда көптеген қазба карьерлер айдың пейзажына өте ұқсас келеді. Ай пейзажы мен қызыл өзен сюрреалистік картинаны еске түсіреді.

Фантастикалық фильмдердің бірнеше кадрын осында да жасай беруге болатындай. Ғалымдардың пікірінше, Марс, ай және Юпитер ғаламшарларының дер қыртысының астында дәл осындай өзендер болуы мүмкін.

Солончак Уюни, Боливия

Әлемдегі ең тұзды көлі тағы бір жатғаламшарлық көрініс сыйлайды. Солончак Уюни деп аталады. Құрғап қалған көл 8 метр қалыңдықты құраған кәдуілгі тұз. Ал жаңбыр жауған кездерде бұл көл әлемдегі ең үлкен айнаға айналады да кетеді. Көлдің дәл ортасында тұрған сәтте аспан жоғарыда да, төменде де болғандықтан, адамның алған әсері жайлы артық әңгіме айтпай-ақ қоялық.

Өндірістік мақсатта қолданылып жатқан көлдің 10 миллиард тоннаға жететіндей байлығы еспетелген. Мұнда келушілер толықтай тұздан жасалған қонақ үйде тұрақтай алады екен.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: venividi.ru