Тамырын тереңге жайған гүл даласы

Қытай еліндегі Luoping ауылы көктем мезгілінде құлпыра түседі. Жылдың бұл мезгілінде рапс гүлі гүлдейді. Осы уақытта әлемнің түкпір-түкпірінен сан алуан фотограф шеберлері ерекше көріністі түсіру үшін мұнда арнайы ат басын бұрады.

Гүлге толған ауыл бейнесі бітеугүлдермен одан бетер нақышталып, иісі жер көкке таралады. Ауаның тазалығы ауыл тұрғындарына қосымша күш береді. Ол тек адамды ғана емес, бызылдаған ара секілді түрлі жәндіктерді де қызықтырмай қоймайды. Өңірден алыс жатқан көрші ауыл адамдары оны «құдай берген ғанибет иісі ғой» деп құштарлықпен жұтынады екен.

 

Рапс гүлінің дәнегі майлы болғандықтан одан өсімдік майын жасайды. Гүл сарғайып әбден пісіп жетілген уақытында жиналып, арнайы өңдеу орындарына жөнелтіледі. Бұл жергілікті өңірдің күнделікті айналысатын шаруашылығы. Рапсты Қытайдың барлық аумағында бірдей өсіреді, алайда оның гүлденуі ауа-райының ыстық-суығына байланысты әркелкі болады. 

Оқи отырыңыз:

«Өлім көлі» жайлы ақиқат пен аңыз

Ұлытау – туристік аймақтарға толы өңір (Видео)

Құстар мен жәндіктер ауа-райынан алдын ала мәлімет бере ала ма?

Смарт бесіктің құрастырушысы оның 12 ерекшелігі туралы айтып берді (Видео)

Дайындаған: Жұлдыз Телемісова

Сурет:www.universology.info