Энди Ли өмірлік тәжірибесі барысында әлемнің көптеген әдемі жолын суретке алып жүрген. Енді белгілі режиссер, сценарий жазушы, суретші әрі фотограф өз туындыларын жинақ етіп жариялады. Өмірлік еңбектің жинағына сәйкесінше «Жолдар» атауы беріліпті.
Оның галереясы әйгілі америкалық жазушы Джек Керуектің мына сөздерімен басталады: "Бас ауған жақтан басқа баратын жер қалмады". Расымен Лидің суреттеріне қарап, сөздің мағынасын түсіне бастайсың.
Суреттерге қарап, тыныштық пен жым-жырт ғаламды, нақтырақ айтсақ, әлемнің әр түрлі нүктесіндегі бірдей сарынның ұштасқанын көруге болады. Мұндай суреттер адамды күнделікті қайталанатын өмірден арылтып, жалғыз саяхаттауға итермелейді. Қайда? Оның маңызы жоқ.
Сурет: ofigenno.cc