- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Такома-Нэрроуз аспалы көпірі...
Такома-Нэрроуз аспалы көпірі
Такома-Нэрроуз аспалы көпірі 1940 жылдың маусымынан бері ашылғалы әлемнің ең ұзын көпірлерінің қатарына кірді. Көпірді ұстап тұрған бөренелердің жұмсақтығына байланысты жел біткен осы көпірді шайқайтын да тұратын. Содан кезекті бір жел соғатын күндердің бірінде, ашылғанына төрт ай өткен соң, 65 км/сағат жылдамдықпен қатты жел соғып, аспалы көпірдің ортаңғы бөлігін бұзып кетеді. Бұл сәт бейнебаянға түсіріліп үлгеріледі. Осынау бейнебаянға қарап, жоба авторлары ендігі аспалы көпір соғуда өзгерістер енгізу керектігін түсінген-ді.
Вашингтонда ашылған осы көпірдің әу баста-ақ ұзаққа бармайтынын мамандар білген-ді. Алайда, олар көпірдің серпінділік қасиеті барын ескеріп, ұзақ өмір сүреді деген дәмеде еді. Бірақ, ол ойлары орындалмады. Себебі, аэродинамикалық қысым дұрыс есептелмеген-ді. Құрылыстың жүріп жатқан кезінде-ақ, көпір шамалы ғана желдің өзінен қатты тербеліп, үрей туғызатын.
1950 жылы аспалы көпір қайта тұрғызылды.
Сурет: gtavicecity.ru
Л. Лига