- Негізгі бет
- Сырлы әлем
- Табиғаттың таңғажайып сәттері...
Табиғаттың таңғажайып сәттері
Бүгінгі топтамамыздан табиғатта кездескен ғажайып сәттерді тамашалай аласыздар. Қарап отырып, табиғаттың біз біле бермейтін сыры көп екен деп таңқалатыныңыз рас. Сонау мұз дәуірінен қалған Жаңа Зеландияның қойтастарында шешілмеген жұмбақтар бардай. Ал жанартаулардың әсерінен пайда болған тастарды көріп, "кезінде алып адамдар бұл тастардан секіріп ойнады ма екен?" деп ойға қаласыз. Олай болса, табиғаттың жұмбағын бірге шешейік.
Балшықты найзағай. Жанартауға найзағай әсер еткенде, балшықты жасын пайда болады екен.
Намибияның "Сиқырлы шеңберлері". Зерттеушілердің айтуына қарағанда, бұл шеңберлер құмның күнге күюінен пайда болған екен.
Алыптардың жолы. Солтүстік Ирландияда ертеде жанған жанартаудың әсерінен 40 мыңға жуық алып тастар пайда болған. Олар бір-бірінен ажыратылмайды екен.
Үлкен Көгілдір Ойық. Белиз жағалауындағы бұл ойықтың диаметрі – 300 метр, ал тереңдігі – 124 метр.
Өлім алқабы. Бұл алқапта жерде жатқан кесек тастар ешкімнің көмегінсіз орын ауыстырып, артына із қалдырады екен.
Жаңа Зеландияның шар тектес қойтастары (мұз дәуірінен қалған тау жынысты үлкен домалаң тастар).
Рождество аралының қызыл шаяндары. Жыл сайын 43 миллионға жуық шаян мұхит жағалауына көшіп барып, жұмыртқа басады екен. Жергілікті өкімет шаян көшіне кедергі келтірмес үшін аралдың кейбір жолдарын бір апта бойына жауып тастайдын көрінеді.
Қауіпті "тұзақ". Бұл – Канаданың Абрахам көлінің екінші атауы. Себебі, сіз көріп отырған көпіршектер метан газының көпіршіктері екен. Оған от тигізуге әсте болмайды.
Асператус бұлты. Бұл бұлттың ғылыми атауы – Undulatus asperatus немесе кедір-бұдырлы толқындар. Ғажайып бұлт бұлт классификациясының тізіміне қосылғанына көп болмаған.
Сардиналар шеруі. Мамыр айы мен шілде айының аралығында миллиардтаған майда балықтар Оңтүстік Африканың шығыс жағалауынан солтүстікке қарай көшеді екен.
Түрлі түсті эвкалипт. Оның түрлі түске енуінің себебі мынада: эвкалипт қабықтарын кесек-кесек етіп тастайды екен. Әр қабықтың астындағы діңнің түсі әртүрлі: көк, күлгін, қызғылт сары, қою қызыл.
Сурет: adme.ru
Е. Жұмабайұлы